Avsnitt
-
29 мамыр – дүниежүзілік компост күні. Компост бұл органика қалдықтарын дұрыс шірітіп, тыңайтқышқа айналдырған кезде пайда болатын субстрат.
-
Saknas det avsnitt?
-
"Сорбұлақ – бұл ескі әдіс. Қазір технология кәріз суын ішетін су сапасына дейін тазарта алатындай деңгейге жетті" дейді су маманы Қайрат Оспанов. "Суды пайдаландыңыз, оны табиғатқа қайтару керек. Ал қазір қайтарудан гөрі ластау жылдам жүріп жатыр. Мұндайда су тапшылығы туындауы заңды" дейді маман.
-
Rocket plastic жобасының өкілдері пластик өңдеп, дизайны ерекше бұйымдар жасайды. Бұған қоса, кәсіпкерлерге, білім мекемелеріне пластик өңдейтін аппараттар ұсынады. Eco Kundelik-тің кезекті эпизодының қонағы Rocket plastic жобасының негізін қалаушы әлеуметтік кәсіпкер Данияр Бакимов.
-
Қазақстанда пластик бөтелке, әйнек ыдыс, картон сияқты өңделетін қалдық түрлерін азық-түлікке алмастыратын алғашқы дүкен қай жерде орналасқан? Қоқыс бизнесімен айналысу тиімді ме? Эко күнделіктің кезекті эпизодының қонағы әлеуметтік кәсіпкер Владислав Голярко осы сұрақтарға жауап береді.
-
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы тұрғындарының сөзінше, 2000-жылдардың басында аудан жері бірнеше жыл бойы Ресейдің зымыран сынықтарының құлауы үшін пайдаланылған. Бірақ ол туралы ақпарат өте аз.
-
Маңғыстау – климаты құрғақ, жауын-шашын өте аз түсетін, өзен-көлі жоқ Қазақстанның батысындағы облыс. Бірнеше жыл бұрын мұнда қуаңшылық болып, малдар қырылды, жұрт күн көріп отырған малдарынан айырылып қиналды. Облыс әлі күнге дейін жем-шөптің негізгі бөлігін өзге аймақтардан тасиды.
-
Қазақстанда органика қалдықтары әлі күнге дейін полигондарға тасталып жатыр. 2021 жылы қабылданған Экология кодексі тағам қалдықтарын полигондарға көмуге тыйым салғанмен іс жүзінде ол орындалып жатқан жоқ.
-
Үлкен ауылындағы АЭС бойынша жария талқылаудан кейін қоғамда атом станциясы төңірегінде дау қыза түсті. Оны жақтайтындар энергия тапшылығын алға тартса, қолдамайтындар қоршаған ортаға әсерінен қауіптенеді.
-
Екі жоғары оқу орнын бітірген, мамандығы инженер биотехнолог, бұрынғы бизнесвумен Лейла Мұхитдинова тұтынатын заттарын саналы түрде қысқартып, минимализм және аскетизмге бет бұрған. Ол суды үнемдеу үшін канализациядан бас тартқан. Фудшерингмен тамақтанады.
-
Zero Waste – қалдық шығармауға немесе қалдықты барынша аз шығаруға, заттарды жауапты тұтынуға бағытталған принциптер топтамасы. Қазақстанда сол принципке негізделген алғашқы экодүкен бар. Zero Waste-тің танымал бес формуласы бар: (5R) бас тарт, қысқарт, қайта қолдан, қайта өңде және компоста.
-
Қалдық немесе қоқысты сұрыптау дегеніміз – қалдықты тегіне және жарамдылығына қарай жинақтау. Ол өңделетін қоқысты өңделмейтінінен ажыратып, ресурсты үнемдеуге және табиғатты ластамауға көмектеседі.
-
Алғашқы эпизодта "асылтұқымды шыбын өсіріп жүрген ғалым және кәсіпкермен сөйлесеміз. "Қара сарбаз" шынымен де тағам қалдығы мәселесін шешіп, ғаламдық жылынуды тежеуге көмектесе ала ма? Оны қалай өсіреді? Үй жағдайында өсіруге бола ма? Адамға қауіпті емес пе? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік.
- Visa fler